13 наурыздан бастап жол жүру ережесіне өзгертулер енгізіледі. Енді көлігіңіз түтіндеп, әуенді қатты қойып шулатып жүрсеңіз, 40 мың теңгедей айыппұл салады. Қарсы бағытқа шығып, жолда апат тудырсаңыз, 9 ай жүргізу куәлігінен айырыласыз. Теміржол өткелінен ережені елемей өтудің айыбы – 78 700 теңге. Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермесеңіз, 80 мыңға жуық айыппұл. Жүріп келе жатқан көліктен басыңызды шығарып, есікті ашып, жүк көлігімен адам тасығаныңыз дәлелденсе, 40 мың теңге төлеуге дайын болыңыз. Сондай-ақ мүгедектігі бар жүргізушіге де заң қатаң. Қарсы бағытқа шығып кетсе 117 960 теңге төлейді. Ал теміржол өткелін ережесіз кесіп, көлік қақтығысы болса, 9 ай темір тұлпар жүргізе алмайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.