Жамбыл облысында шибөрілер қаптап, қорадағы малға қауіп төнді. Талас ауданының тұрғындары ауыл шетінен байқағанын айтады. Қазір қорқау екі есе көбейіп, елді мекенде емін-еркін жүр. Тіпті ұсақ малды жей бастаған. Мамандар биыл шибөрі 2 мыңға жуықтап қалғанын растап отыр. Ауру бар-жоғы анықталған соң тиісті шараға кіріседі. Егер індет жұқтыратындары болса, көктемде жояды. Ескеретін жайт, бір аңшыға жылына 3 қасқыр, 3 шибөріден артық атуға заңмен тыйым салынған.
ЕСЕНҒАЛИ КЕМЕЛОВ, МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
-Таудың барлығын шибөрі басып кетті. Бұрын тау аумағында болмайтын, тек көлді жағалайтын. Қазір таудың бәрін басып кетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.