Қостанай облысында арақ-шарап шынысын ірі көлемде тасымалдап жүрген кәсіпкердің ізіне түскен тәртіп сақшылары алькоголдік ішімдік шығаратын заңсыз цехты тапты. Иесі Қарабалық кентінің тұрғыны екен. Заңсыз цехтан 8 миллион теңге болатын 6 мың дана бөтелке жасанды ішімдік тапқан. Сондай-ақ цехқа сырттан әкелінген 3 мың арақ-шарап бөтелкесі салынған қорап пен 5 литрлік 16 құты араққа ұқсас мөлдір сұйықтық жеткізген. Елімізде жыл сайын қолдан жасалған ішімдіктен 11 мыңнан адам уланады.
КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Жедел іс-шаралары кезінде аудан орталықтарының бірінде заңсыз жұмыс істеп тұрған цех әшкере болды. Нысанды тінтігенде алкогольдік ішімдік жасап, құятын арнайы құрылғы және сатылымға әзірленген 2 мың бөтелке дайын өнім тәркіленді. Сондай-ақ бұл тауарларды қабылдайтын орындардың бірі анықталып, жұмысын тоқтатты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.