Жұлдызы жанған ақсақал. Шымкенттегі шағын дәмхананың 72 жастағы қожайыны бір күнде танымал болды.
TikTok-ты пайдаңа икемдей білсең, атағың жер жарады деген осы. Әлеуметтік желі қолданушысы 72 жастағы кәсіпкерді қолдап, видео түсіргеннен кейін бәрі өзгерді. Миллиондаған қаралым жинап, Мұстафа Кемаль бір күнде жұлдызға айналды.
МҰСТАФА КЕМАЛЬ, ДӘМХАНА ИЕСІ:
— TikTok-қа дейін клиентіміз аз еді. Бір қыз келді, менімен сөйлесті: «Ағай, сізді түсірсем бола ма?» деді, рұқсатымды бердім. Білмеймін, содан кейін ертеңіне көп клиент келді. Ал TikTok-тан бұрын біздің клиентіміз онша жоқ еді. Сол видео түсірген қызға рақмет айтамын.
Шымкент жастары донерші қарияны қолдағандықтан, Мұстафа Кемаль көмекші алды.
ЖАНАР МАХИМОВА, ДӘМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Барлығы, әсіресе, біздің шымкенттік жастар қолдап, осылай ісіміз жүріп кетті. Алматыдан, Қырғызстаннан жақсы пікірлерін жазып, қолдап жатыр. Баршаңызға үлкен рақмет!
Енді Мұстафа атаның келушілері көп, ал оның донері қаладағы ең танымал тағамның біріне айналды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.