Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАСӨСПІРІМГЕ ЖАЗА
Ақтөбеде жасөспірімді ұрып өлтірген 6 оқушыға қатысты сот отырысы басталды. Сотқа сол түні оқиғаға куә болған тағы 12 оқушы қатысып жатыр.
БОЛМАҒАН САБАҚ
Әртүрлі диагнозбен мектепке бара алмайтын балаға сабақ бердік деп заңсыз табыс тапқандар ұсталды. Олар электронды журналға жалған мәлімет тіркеп, бюджеттен босқа ақша алып келген.
500 МЛРД ТЕҢГЕ
Тұрғын үй құрылысына 500 млрд теңге бағытталады. Бұл қомақты қаражат кімге және қалай бөлінеді? Үкімет отырысында осы мәселе пысықталды.
СУ БАСУ ҚАУПІ БАР
Инженер-гидрологтар Есіл өзеніне шығып, мұздың қалыңдығымен ағыстың жылдамдығын өлшеуге кірісті. Өйткені 116 ауылды су басуы мүмкін.
ҚОРҚАУ КӨБЕЙДІ
Қорқау қасқыр көбейді. Жамбыл облысының тұрғындары үйлерінен шыға алмай отыр. Қаптаған шибөрі Майтөбе ауылындағы малға ауыз сала бастаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.