Жарылыс жиналған метанға электр жабдығының ұшқыны тиген кезде болған. «Жомарт» кенішінде орын алған апатқа байланысты тергеудің алдын ала қорытындысы осындай. Бұл туралы Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда айтылды.
Естеріңізде болса, ақпан айында Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішіндегі апатта жеті кенші опат болған еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін сегіз бірдей комиссия құрылды. Құрамында Ғылыми-зерттеу институт пен зертхана сарапшылары мен маманы бар. Олар өндіріс технологиясын зерттеп, құрылғы мен жабдықтың жарамдылығын тексеріп, түрлі сараптама жүргізген. Сондай-ақ кен орнында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ереже бұзылған. Оған жауаптылар да анықталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.