Қарағандыда Костенко атындағы көмір шахтасында болған жарылысқа қатысты сот басталды. Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер мен олардың өкілдері, сотталушылар және қорғаушылар қатысты. Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық бөлімнің қызметкерлерін қосқанда 10 адам сотқа тартылды. Барлығына Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Ал жәбірленуші болып 74 адам танылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 28 қазанда Костенко атындағы көмір шахтасында жарылыс болып, қайғылы оқиға орын алды. Салдарынан 46 кенші қаза тауып, 28 адам жарақат алды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.