Астанадағы автобус апаты: жүргізуші мен жолаушылардың жағдайы қалай? @TheSevenNews​

Жол-көлік апатынан жарақат алған автобус жүргізушісі мен 15 жолаушы қазір қажет ем-дом алып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Естеріңізде болса, өткен сенбіде Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай бет алған автобус жол жиегіндегі бағанға соғылды. Жол апаты кезінде қоғамдық көлік ішінде шамамен 25 жолаушы болған. Апат салдарынан автобус жүргізушісі мен 15 жолаушы жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Төрт адамға шұғыл түрде операция жасалды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы қазір анықталып жатыр.
ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Жол-көлік апатын болдырмас үшін Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда мұқият болуға, жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
———————————————