Ақтауда заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ сотталды @TheSevenNews​

Ақтауда заңсыз құмар ойынын ұйымдастырып, 77 млн теңге табыс тапқан қылмыстық топ сотталды. Қаржы мониторингі агенттігі 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып, ойын бизнесін жасағандардың әрекетін әшкереледі. Күдіктілер заңсыз жолмен тапқан қаражаттың 36 млн теңгесіне екі автокөлік сатып алған. Оның барлығы тәркіленді. Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелері 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
———————————————