Тарихтағы ең ірі киберқылмыс: хакерлер Bybit криптобиржасынан $1,5 млрд тонап кетті @TheSevenNews​

«Bybit» крипто биржасын солтүстік кореялық «Lazarus Group» компаниясы бұзған. Тергеу барысында осындай дерек анықталды. Бұған дейін белгісіз біреулер криптобиржадан 1,5 млрд долларды үптеп кеткені хабарланған болатын. Сөйтіп, платформа басшысы Бен Чжоу хакерлерді тапқан адамға 140 млн доллар сыйақы тағайындаған болатын.
Жалпы «Bybit» әлем бойынша 60 миллионнан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді. Компания клиенттерге басқа әмияндардың қорғалғанын, барлық шығын сақтандыру арқылы өтелетінін хабарлап, сендіруге тырысты. Алайда хакерлік шабуылдан кейін қолданушылар қаражатын жаппай шеше бастады.
———————————————