Сырдарияда сең қозғалды. Қазіргі күні өзен арнасы бақылауға алынып, төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимге көшті. Қазір сірескен сең ақырындап облыс орталығы маңынан өтіп, Жалағаш ауданына жетті. Жалпы аймақ бойынша 70 мыңдай тұрғын қоныстанған 29 елді мекен қауіпті деп танылған. Жұмылдыру және азаматтық қорғау қызметінің мамандар аталған аумақтарды күні-түні бақылауда ұстап отыр. Өңірдің солтүстік аудандарында қалыңдығы 20-40 см аралығында мұз әлі ұстасып тұр. Сең наурыздың 7-сі мен 13-і аралығында Қазалы, Арал аудандарынан өтеді деп күтіліп отыр. Дария бойында кептеліс болған жағдайда мұз жару жұмыстарын жүргізетін арнайы мекеме мамандары Арал теңізіне дейінгі аралықты торуылдап жүр. Құтқару шараларына қолғабыс тигізуге екі тікұшақ әкелінді.
БЕЙБІТХАН СПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Әзірге мұзды жару жағдайы байқалмайды. Қазіргі уақытта тұрғындарға, мал шаруашылық иелеріне су кенеттен көтеріле қалған жағдайда, эвакуациялауға, үй жануарларын қауіпсіз аумаққа шығаруға, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Сырдария өзенін әуеден бақылау бағытында 6 рет маниторинг жұмыстары жүргізіліп, қауіпті деген учаскелер анықталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.