Ақтөбе қар құрсауында қалды. Өңірде жауын-шашын мөлшерден үш-төрт есе көп жауды. Ауа райын болжаушылар: «Бұл циклонның әсерінен», — дейді. Жеке үй тұрғындары аулаларын тазалап жатса, жүргізушілер 3 күннен бері қолдарынан күрек тастамай, көлігін қардан аршып әлек. Өйткені қаланың коммуналдық қызметі қалың қарды шығарып үлгермей жатыр. Биыл жолдарды күтіп ұстауға 2 млрд 800 млн теңге бөлінген. Мердігер компаниялар келер айда тығырыққа тірелуі мүмкін. Өйткені синоптикетр қар апта соңына дейін жалғасып, наурызда күн күрт жылынуы мүмкін екенін ескертеді.
ӘДІЛБЕК АХМЕТ, ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Мердігер компаниялар екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Ең алдымен, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, ауруханалар, содан кейін ғана шағын көшелер тазартылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.