Шымкентте жаз: тұрғындар шомылу маусымын бастап кетті @TheSevenNews​

Шымкентте күн 14 градус жылы. Жұрт шомылу маусымына дайындалып жатыр. Көктемнің басталуына әлі бір апта бар. Десе де өңірде күн жылынып, бәйшешек гүлдей бастады. Балмұздақ сататын дүңгіршектерде де ұзынсонар кезек. Тіпті демалыс күндері ауа райы 17-18 градусқа дейін жылынып, тұрғындар Қошқарата өзеніне шомылды.
БАҚБЕРГЕН ТАСҚҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Кешегі күн енді кәдімгідей ыстық болды, жаздың күніндей қатты ыстық болмаса да, футболкамен жүрдік. Қошқаратаға барсам, жасы үлкені, кіші бәрі суға түсіп жатыр ғой.
———————————————