Шымкентте шахматтан Senat Open кубогының ІІ іріктеу кезеңі өтті @TheSevenNews​

Шымкентте шахматтан Senat Open кубогының ІІ іріктеу кезеңі өтті. Сайыста 100 қатысушы бақ сынады. Бірінші орын Алдияр Нысановтың еншісінде. Екінші орын Мұрат Османовқа бұйырса, Талғат Оспанханов үшінші орынды иеленді. Турнир форматы 3 кезеңнен тұрады. Әуелі барлық облыста іріктеу кезеңінің 20 туры өтеді. Содан соң қатысушылар бес жартылай финалда бағын сынайды. Ақтық кезең елордада өтеді. Биылғы турнирдің ерекшелігі – ардагерлер жарысы. Айта кетейік, сенатта турнир өткізу бойынша ұсынысты Шахмат федерацисы қолдап бірінші іріктеу турнирі Түркістанда өтті.
АЛЕКСАНДР БАБЕНКО, ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
— Біз биыл ел бойынша 46 турнир өткіземіз. Бүгін дайындықты аяқтап, іріктеу кезеңіне көштік. Бұл іс-шараның арқасында түрлі сала иелері бас қосты. Мұнда депутаттар, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар, мемлекеттік қызметкерлер және БАҚ өкілдері де бар.
———————————————