СҚО-да туған қызын зорлап келген әке сотталды | 24.02.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БИРЖАҒА ШАБУЫЛ
«Bybit» криптобиржасын тонағандарды тапқан адамға 140 миллион доллар сыйақы беріледі. Қаскөйлер платформадан бір миллиард 400 миллион доллар шешіп алған. Бұл – тарихтағы ең ірі киберқылмыс.

КОУЧПЕН КҮРЕС
«Тендер алуды үйретемін» деп 18 адамды сан соқтырған коуч сот алдында жауап берді. Ол бас аяғы 6,5 млн теңгені қалтасына басқан. Елде қаптап кеткен коучпен қалай күресеміз?

ҚЫС ПЕН ЖАЗ
Ақтөбеліктер қар жамылып, мұз жастанды. Коммуналдық қызмет қалың қарды шығарып үлгермей жатыр. Ал Шымкент жұрты ыстықтан сая іздеп, суға шомыла бастады.

ЖАЯУ ЖҮРЕДІ
Алматы жұрты автобусты сағаттап күтуден шаршады. Әсіресе кешкі уақытта қоғамдық көлік уақытылы жүрмей сарылтады. Жергілікті билік бұл мәселенің шешімін таба алмай отыр
———————————————