Бұқараны жас ұрпақтың қатыгез болып бара жатқаны алаңдатып отыр. Былтыр елімізде буллинг пен кибербуллингке қарсы заң қабылданды. Онда кәмелетке толмағандар үшін ата-анасы немесе заңды қамқоршысы жауапқа тартылып, айыппұл арқалайтыны айқындалған. Ал егер жасөспірімдер төбелессе, кінәлі тарап қылымыстық жауапқа тартылады. Соған қарамастан бұзақылық дерегі азаймай тұр. Ендеше мұндай қатігез баланы жөнге салудың басқа қандай жолы бар?
ДАНИЯР ӘДІЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ:
— Менің ойымша, мектептерде, оқу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Құқықтық сауатылықты арттыру маңызды. Балаларға буллингтің, біреудің денсаулығына қасақана зиян келтірудің арты неге әкеп соғатынын жиі айту керек. Заңға сәйкес, 16 жасқа толған жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылады, тіпті түрмеге де қамалуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.