Бала құқығын қорғау комитеті ата-аналар мен педагогтарға үндеу жасады @TheSevenNews​

Бала құқығын қорғау комитеті ата-аналар мен педагогтарға үндеу жасады. Онда кәмелетке толмағандардың онлайн кеңістікте қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылған. Мессенджер арқылы тарайтын дәстүрлі емес топтармен байланысты және балалардың эмоциялық жағдайына кері әсер ететін ақпараттың таралуын тежеу, алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар айтылады.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ:
«Естеріңізге саламыз, білім беру ұйымдарында оқушылардың психоэмоционалдық жағдайына әсер етуі мүмкін кез келген әрекетке қатаң шектеу қойылған. Комитет ата-аналарды балаларды ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында цифрлық қауіпсіздігіне мұқият қарауға, олардың онлайн-әрекеттерін қадағалап, сенімді қарым-қатынас орнатуға шақырады».
———————————————