Мұнайлыдан мұңлы хабар. Маңғыстау облысында бір отбасыдан үш адам ыс тиіп, қайтыс болды. Оның екеуі – бала. Алдын ала ақпарат бойынша, жер үйдегі пештен ақау шыққан. Көршілерінің айтуынша, оқиға болған күні балалардың ата-анасы үйінде болмаған. Олардың тағы бір туысы ауруханада жатыр. Халі мүшкіл.
ЖҰЛДЫЗАЙ ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде емделіп жатыр, жағдайы ауыр. Артериялық қан қысымы дәрі-дәрмектің көмегімен тұрақтандырылуда. Қазіргі таңда науқастың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.