Астанадағы автобус апатына жүргізуші денсаулығының күрт нашарлауы себеп болуы мүмкін. Сенатта әкімшілік полиция комитетінің төрағасы осындай нұсқаны айтты. Өткен жұма күні елорданың Бараев көшесінде жолаушылар автобусы бағанға соғылып, ішінде болған 15 жолаушы түрлі жарақат алғанын еске салайын. Қатты соққы тиген жүргізушіге де ота жасалды.
ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Автобус апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр. Менің білуімше, жүргізушінің денсаулығы нашарлап кеткен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.