Ақтөбе облысында 59 жастағы әйел алаяқтың арбауына түсіп, 3,5 млн теңге несиені өзгенің есепшотына аударып жіберген. Ол банк қызметкерлерін де тыңдамаған. Касса арқылы аударудан бас тартып, нұсқаушылардың айтуымен терминалдан салған. Алаяқтардың әрекеті екенін бірден түсінген банк мамандары құқық қорғаушыларға хабар берген. Ал жәбірленушіден ақшаны алған күдіктілер әйелге тағы жаңа несие рәсімдеткізбекші болған. Полицейлердің айтуынша, тек Ақтөбе облысында телефон алаяқтарынан 160 адам зардап шеккен.
ЕРКЕБҰЛАН ҚАЙНАЗАРОВ, КИБЕРПОЛ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:
— Алаяқтар жәбірленушіге құқық қорғау органдарының атын жамылып хабарласады. Ол аздай психологиялық қысым жасайды. Ал мына әйелге өзі жұмыс істейтін зауыттың басшысы болып қоңырау шалған. Айланың неше түрін қолданады. Көбі сеніп, бір жағынан қорқып ақшаны аударады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.