Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Новакты қабылдады @TheSevenNews​

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды. Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
———————————————