Зая кеткен еңбек. Павлодарлық шаруалар ала жаздай өсірген өнімді өткізе алмай сандалып жүр. Қоймада тонна-тонна сәбіз шіріп жатыр. Нарықты импорттық өнім, әсіресе Ресейдің көкөнісі басып алған. Отандық сәбізге сұраныс жоқ. Шаш етектен шығынға батқан кәсіпкерлердің айтуынша, бұрын күніне 50 тоннаға дейін сәбіз сатса, соңғы екі аптада 35 тонна ғана өтіпті. Қазір қоймаларда 50 мың тоннаға жуық сәбіздің жартысы шіріп кеткен. Шаруалар бұл мәселеге үкіметтің араласуын сұрайды.
НИКОЛАЙ НАДЫРОВ, ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ЖЕТЕКШІСІ:
— Қазір Қазақстанның оңтүстік өңірлері түгел шетелдік көкөністермен сатылып отыр. Біздің сәбіз болса шіріп, қоқысқа кетуге жақын. Мол өнім болғаннан не пайда егер сұраныс болмаса. Біз сәбізді сататын нарық таппай әлек болдық. Тіпті арзан бағаға да сата алмай жүрміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.