Ақтөбеде қарияларға тегін курс ашылды @TheSevenNews​

Ақтөбеде қарияларға тегін курс ашылды. Қазірдің өзінде оған екі жүзге жуық зейнеткер жазылған. Қарт студент бірнеше мамандықтың қыр-сырына қанығады.
ЖҰМАБАЙ ОТАРҒАЛИЕВ, КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ:
— Өмірде үйрен, жирен. Ағылшынды енді бастадық қой. Енді ол керек деп ойлаймын. Мен саяхатшы болғаннан кейін шетелге шығуым керек.

САНДУҒАШ КӘЛЕНОВА, ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ:
— Қызығушылық көбіне тілге байланысты. Ағылшын тілі курстарына көп келеді. Қазақ тіліне көп келеді. Сосын шығармашылық, тоқыма аксессуарларымен жұмыс істеу бағыттарына көп келіп жүр.
———————————————