Семейде бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан | 25.02.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖАУЫЗ ҰРПАҚ
Семейде бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан. Бұзақылар бұл жауыздық әрекетті телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БӘС ТІКТІ
78 млн теңгені түгел бәске тіккен. БҚО полициясы 25 жастағы жігітті ұстады. Ол таныс-тамырларын алдап, қыруар қаржы алған. Қазір 14 алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

ШІРІГЕН СӘБІЗ
Зая кеткен еңбек. Павлодарлық шаруалар ала жаздай өсірген өнімді өткізе алмай өкініп жүр. Қоймада тонна-тонна сәбіз шіріп жатыр. Оны сатып алатын тұтынушы жоқ.

ЖЕР ДАУЫ
Балуан ауылының тұрғындары ұлтарақтай жер үшін жанжалдасып жатыр. Олардың үлесін бәзбіреулер сыртынан сатып жіберген. Енді ауыл азаматтарына тиесілі 4 мың гектардан асатын жер жекенің қолында.

ҚАРТ СТУДЕНТ
Ақтөбеде қарияларға тегін курс ашылды. Қазірдің өзінде оған екі жүзге жуық зейнеткер жазылған. Қарт студент бірнеше мамандықтың қыр-сырына қанығады.
———————————————