Балаға буллинг көрсетіліп жатқанын қалай білуге болады? @TheSevenNews​

Мейірімге бөленіп өскен бала қатыгездікке бармайды. Буллинг мәселесін шешу үшін ата-аналар баласымен үнемі ашық сөйлесіп отыруы керек. Психологтардың пікірі осыған саяды. Жалпы елімізде буллинг пен зорлық-зомбылықты уақытылы анықтауға атсалысатын бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— 111 бірыңғай орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда білікті психологтар мен заңгерлер тартылған. Олардың міндеті – тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына консультациялық және психологиялық көмек беру. Өткен айда балалар арасындағы әлімжетікке қатысты 100-ден аса өтініш келіп түскен.
Күн сайын бірыңғай байланыс қызметі бір мыңға жуық қоңырау қабылдайды. Жасөспірімдер буллинг, психологиялық-эмоционалдық жағдайлар бойынша және зорлық-зомбылық мәселелерімен жүгінеді. Жақында орталыққа бір қыз бала хабарласқан.
АҚМАРАЛ ШАЛАҒҰЛОВА, БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
— Өзі нағашы әпкесінің үйінде тұрады екен. Нағашы әпкем қол көтереді, жұмсайды деп жылап, өз өтінішін айтады. Мектепке хабарласып, ата-анасын шақыртып,психологиялық қолдау орталығына жіберілді.
Бірыңғай байланыс қызметі балалар инспекторы, білім беру мекемелері және психологиялық орталықтармен бірлесе жұмыс істейді. Былтыр буллингке қатысты 30 әкімшілік іс қозғалды.
АҚМАРАЛ ШАЛАҒҰЛОВА, БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
— Балалар инспекторына хабар береміз. Психологтар буллингке ұшыраған балар мен буллинг жасаған балалармен жұмыс істейді.
Психологтардың айтуынша, әлімжеттік жағдайларын жасөспірімдер отбасынан жасырып қалуға тырысады. Буллингке ұшыраған бала өз өзіне сенімсіз болып келеді. Сондықтан ата-ана баласымен үнемі ашық тілдесіп отыру керек. «Мейіріміге, махабатқа бөленіп өскен бала қатыгездікке бармайды», — дейді мамандар.
АЙГҮЛ ХҰСАЙЫНОВА, ПСИХОЛОГ:
— Ата-ана баласы күн сайын 5 минут құшақтасып тұруы керек. Ата-анасымен ашық диалог болғаны жөн.
Балалар бос уақытын тиімді өткізіп, түрлі үйірмеге қатысуы керек деп есептейді психолгтар. Бұл – қатыгездіктің алдын алудың бірден бір жолы. Жалпы, бірыңғай байланыс қызметіне оқушылар QR-код арқылы SMS жазып та буллинг туралы хабар бере алады. Ақпараттық бот іске қосылғалы бері буллинг мәселелерімен хабарласқан балалардың саны біршама артқан.
———————————————