Семейде жеткіншекті аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер арнайы мектепке ауыстырылсын. Үшеуінің ата-анасын бала тәрбиелеу құқынан, екеуін қамқоршысынан айыру керек. Кәмелетке толмағандардың құқын қорғау жөніндегі комиссия осындай ұсыныс айтты. Бірақ соңғы шешім сот құзырында. Айта кетейік, зәбір көрген баланың анасы қайтыс болған. Жеткіншекті әкесі мен әжесі тәрбиелеп отыр. Отбасында бес бала бар. Естеріңізге салайық, кеше бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан. Бұзақылар бұл жауыздық әрекетті телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зәбір көрген жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал тәртіп бұзғандар арнайы есепке қойылды.
МЕЙІРЖАН ҚАЛИАСҚАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Бала жөніндегі құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бүгінгі күнгі шешімімен төбелеске қатысқан 4 бала арнайы мектепке жіберілуге ұсыныс жасалды. Сонымен қатар олардың ата-аналарының құқықтарынан айыру туралы сотқа талап арыз беру мәсселесі қаралатын болады. Балалардың заңды құқықтарын қорғайтын адамдарға және сонымен қатар ата-аналарына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 127-бабыменен тиісті әкімшілік материалдар толтырылып жауапқа тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.