Осыдан бірер сағат бұрын 14 жастағы жасөспірімнің анасы арнамызға сұхбат берді. Оның тергеуге, жалпы жасөспірімнің жағдайына қатысты айтар уәжі бар. Қазір әлеуметтік желіде күдікке ілінген балаға қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Сондықтан оның анасы бет-әлпетін жасыруды өтінді. Арнамыздың түсіру тобы жазып алған эксклюзив сұхбаттан үзіндіні ұсынамын.
ҒИЗАТ, ЖАСӨСПІРІМНІҢ АНАСЫ:
— Әрине, анасы әрі заңды өкілі ретінде мен бұл жағдайға бейжай қарай алмаймын. Денесінде айтарлықтай жарақат табылмаса да, қолында ісік бар. Маңдайы ауырып, мазасы қашқан. Оның айтуынша, саусағы сынған. Маған жылап шағымын жеткізді. Осы мәселені мен көтергеннен кейін, 4 күн өткенде сараптама жасалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.