Ақтөбеде санитар мамандар оқушылардың неден уланғанын әлі таба алмай отыр @TheSevenNews​

Ақтөбе облысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары оқушылардың неден уланғанын әлі таба алмай отыр. Бір апта бойы Қытайда шығарылған лобстер тәттісі микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша тексерілді. Алайда оның құрамында улы заттың бар-жоғы сол күйі анықталмады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, тауардың техникалық таңбасы болмағанықтан, зерттеу жұмыстары ұзап кеткен. Естеріңізге салайық, Қобда ауылында 4-сынып оқушысы дүкеннен өнім сатып алып, қатарластарымен бөліскен. Салдарынан 23 бала аурухана түсті. Оның жетеуі дәм татып әлсіресе, қалғаны қатты иістен өзін жайсыз сезіне бастаған.
РАЙХАН КОЙШАНОВА, СЭБ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Біздің мамандар тарапынан бүгінгі таңда 270 дүкен мониторингпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде осы үшеуінде осы өнім анықталып, сатып алынып, зертханалық зерттеулерге жолданды. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасын табуда.
———————————————