«Баламды лицейге біл» деп бердім. Атырауда жекеменшік білім ошағынан шу шықты. Миллиондап қаржы құйған ата-аналар ақшасын даулап жатыр. Лицей жабылып қалған. ҰБТ-дан үлкен балл жинап, ағылшынша сайрап шығады деген үміт ақталмады. Оқу орны былтыр қыркүйекте ашылған. Әуелде 200-ден аса баланы қабылдаған. Білім департаменті өкілдерінің айтуынша, кәсіпкердің әу баста лицензиясы болмаған. Заң бұзғаны үшін бірнеше рет айыппұл да салынған. Қазір полиция алаяқтық бабы бойынша істі тергеп жатыр.
ҚАЙРАТ ӘЛЕНОВ, АТА-АНА:
— 8-9 сыныпта оқитын екі ұлымды бердім. Жарнамасы мықты болды. Қыркүйектен бастап оқыттым, екі балама 1 млн маусымда, тағы 1 млн тамызда төледім. Қазан айында операторлар телефон соға бастады, балаларға тағы ақша төлейтін болсаңыз, 700 мың жеңілдік бар, соған алдын ала төлеп тастайсыз ба деді. Адамның көзін осылай жеткізді. Талабымыз: ақшамызды қайтарсын!
БЕРДІКБЕК ТАИШЕВ, ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:
— Жалпы мемлекеттік лицезиясы болмай оқу орталығымен айналысуға болмайды. Заң бойынша көрсетілген. Бұл мектеп бір рет болсын лицензияға өтініш түсірген жоқ. Біздің департаменті лицензиясыз жұмыс істеп жатқандарын анықтап, іс материалдарын жинақтап, мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады. Мектеппен жасалған шартқа сәйкес ата-аналар азаматтық кодексе сәйкес, сотқа жүгіне алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.