Шымкентте адам ұрлаған күдіктілер ұсталды @TheSevenNews​

Шымкентте адам ұрлаған бір топ күдікті алысқа ұзамай ұсталды. Оқиға кеше кешке болған. Белгісіз біреулер жас жігітті ұрып-соғып, көліктің жүк салғышына күштеп тиеген. Ал оларды тоқтатпақ болғандарға тапанша кезеген. Сөйтіп, кісі қарасы көп көшеден белгісіз бағытқа бет алған. Кездейсоқ кетіп бара жатқан адам бұл сәтті бейнеге түсіріп, желіге салған. Полиция шұғыл әрекет етіп, заңсыздықтың жолын кесті. Көлік табылып, екі күдікті қамауға алынды.
ИСФАНДИЯР ҚҰРАЛБАЕВ, ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Оқиға қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
———————————————