Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандар 5 және 7 жылға сотталды. Аляқтар әлеуметтік желіде «тез баюдың» жолын ұсынып, 60 адамның 490 млн теңгесін алдап алған. Олар халықты 1 млн теңгеден басталатын инвестиция салуға көндірген. Күдіктілердің бірі – салымшы қаражатына елорданың элиткалық тұрғын үй кешенінен 69 млн теңгеге пәтер алып, оны енесінің атына рәсімдеген. Қазір зардап шеккендердің 72 млн теңгесі қайтарылды. Сот күдіктілердің мүлкіне тыйым салды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.