Қызылордада фермерлер жалған құжат жасап, 150 млн теңге заңсыз субсидия алған @TheSevenNews​

Қызылордада фермерлер жалған құжат толтырып, 150 млн теңге заңсыз субсидия алған. Мұны прокурорлар мал өсіретін шаруашылықтарды тексеру барысында анықтады. Құзырлы орган өкілдері мемлекеттен қолдау алу ережелері мен тәртібін бұзған фермерлерге қадағалау актісін енгізіп, заңсыз субсидияны өндіру туралы сотқа жүгінді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған қаржыны негізсіз берген лауазым иелері де жауапқа тартылады.
БАУЫРЖАН СӘТБАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
— Бірінші саты соты 10 шаруашылықтан 50 млн теңге субсидияны өндіруден бас тарту туралы шешім қабылдаған. Бұл шешімдердің заңдылығы апелляциялық мерзімде облыс прокуратурасымен зерделеніп, нәтижесінде сот шешімін қайта қарау туралы облыс прокуратурасымен апелляциялық өтінішхат енгізілді. Қаралу қорытындысымен бірінші саты сотының шешімдері заңға сәйкестендірілді.
———————————————