Енді елімізде сот шешімдері жасанды интеллект көмегімен орындалады. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Болашақта борышкерді аресттен шешу, сыртқа шығуға тыйымды тоқтату жылдам жүзеге асады. Ол үшін «цифрлық ассисент» жүйесі енгізіледі. Сот шешімінің орындалу барысын онлайн бақылауға болады. Тағы бір мағызды жаңалық борышкер енді қарыз бен айыпппұлды ғана төлейді. Яғни бұрынғыдай сот орындаушының қызметіне қосымша ақша төлеудің қажеті жоқ.
ЕРЛАН СӘРСЕМБАЕВ, ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:
— Робот сот орындаушысы арқылы оңайлатылған іс жүргізу одан ары дамытылады. Робот арқылы өнідіріп алу сомасын 20-дан 40 АЕК дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтардың қаржысын үнемдеуді арттырады. Екіншіден, цифрлық ассистент енгізе отырып, өндіруші мен борышкердің жеке кабинетін пысықтаймыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.