Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында балық қырылды @TheSevenNews​

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында балық қырылды. Жергілікті тұрғындар Қойбағар суқоймасында бірнеше келі сазан мен шортанды байқаған. Олар бұл жайтқа балық шаруашылығының инспекторларын айыптады. Себебі олар балық аулауға рұқсат етпеген. Оқиға орнына балық шаруашылығының инспекторларымен бірге полиция қызметкерлі және ветеринарлар келді. Ағыстан 70 келіге жуық балық алынды. Жаппай қырылудың нақты себебі әлі анықталмады.
НҰРБЕК ҚҰЛЫБЕКҰЛЫ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта өлген балықтардың сынамалары, судың сынамасы ветеринариялық қызмет мамандарымен алынды. Сонымен қатар зерттеуге тапсырылды.
———————————————