Ақтау ақ ұлпаға оранды. Көктем қарсаңында түскен қалың қар коммуналдық қызметті әбігерге салса, қала тұрғындары оған керісінше қуанып жатыр. Өйткені өңірде өткен аптадан бері соңғы он жылда жаумаған қар түсті. Үлкендер аққала жасап, балалар сырғанақ тебуде. Дүкенде шана таусылып қалған. Алайда ақтаулықтарға ол да кедергі келтірмеді. Кейбірі көліктің бампері, резеңке, картонға отырып сырғанауда. Бірақ соңғы екі күнде 150 адам жарақат алып, ауруханаға қаралған. Синоптиктердің айтуынша, қар осы аптаның соңына дейін жауады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.