Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды @TheSevenNews​

Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, істі сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. «Қылмысқа қатысты 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындысы, жауап алу хаттамасы және басқа да маңызды материал бар», — делінген хабарламада.
МӘЛІК ҚАБДУАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Әрбір тергеу әрекеті кылмыстык заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді. Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.
———————————————