Лифтіде 5 жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірімді психодиспансер қызметкерлері ұрған жоқ. Шұғыл тағайындалған медициналық сараптама қорытындысы осындай. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова арнамызға берген эксклюзив сұхбатында мәлімдеді.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
— Бүгін сот-медициналық сараптамасы өткізілді. Арнайы комиссия оқиға орнына барды. Бұл мәселені мен бақылауда ұстап отырмын. Баланы ұрып-соғу дерегі расталған жоқ. Медициналық мекеменің қызметкерлері мен әкімшілігі де бұл мәселеге шынайы баға берілуіне мүдделі. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бала зәбір көргенін растаған жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.