Семейде бала зәбір көргеннен кейін №9 мектептің директоры қызметінен кетті. Сонымен қатар тәрбие жұмыстарына салғырт қараған «Жас Ұлан» ерлер лицейінің директоры сөгіс алды. Төбелес шығарған оқушылар оқыған мектеп директоры да қызметінен қуылды.
Бес күн бұрын соққыға жығылған 11 жасар оқушының жағдайы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. «Жағдайы қанағаттанарлық, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді», — дейді дәрігерлер. Ал бүгінгі таңда бала үйде. Сабаққа бармайды, мұғалімдер онлайн оқытып жатыр. Баланың тағдырына алаңдаған қараша қор ашып, екі тәуілікте 24 млн теңге жинаған.
ЭЛЬЗИРА СОЛТАБАЕВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
— Бүгін оның апайының есепшотына 24 млн теңге жиналғаны белгілі болды, бұл қаражат баспана сатып алуға жұмсалады. Қазір тұрғын үйді таңдау және сатып алу процесін ашық өткізу мақсатында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, адвокат және қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп арнайы комиссия құрылып жатыр. Сондай-ақ отбасыға құқықтық көмек көрсетілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.