Қытайдың қауіпті тіскебасарын Қазақстан дүкендеріне кім және қалай жеткізген? Не аудармасы, не тауарлық таңбасы жоқ контрабандалық өнімді қадағалайтын орган қайсы? Сауда министрлігінің баспасөз қызметі бұл ведомствоның құзыретіне кірмейді деп жауап берді.
Кедендік бақылау жасайтын Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары болса, Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеді. Ал Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері өздері сатып алып, зерттеген тағамның сараптама қорытындысын келесі аптада жариялауға уәде етті. Аталған құзырлы органдарға ресми сауал жолдадық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.