Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстаннан елге экстрадицияланды. Тимур Сәдуақасов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларды пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген. Авдокат Құрманбаев екеуі кәсіпкер Долгалевтің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін 225 млн теңгеге шешуді ұсынған. Параның бір бөлігі – 90 млн теңгені алған олар уәделерін орындамаған. Кейін эск-шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп, соттан жасырынған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— 2025 жылғы 25 ақпанда ол Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде ҚМА қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.