Қостанайда фельдшерді ұрған апалы-сіңлілердің сот процесі жалғасып жатыр. Былтыр желтоқсанда фельдшер қарт науқастың үйіне шақыртуға барған. Алайда оған жартысағаттық реанимациялық көмек жәрдемдеспей, қайтыс болады. Осыдан кейін марқұмның 41 және 51 жастағы екі баласы жедел жәрдем өкілін жұдырықтың астына алған. Медицина қызметкерінің миы шайқалып, ауруханаға түседі.
Міне, осы іс бойынша кезекті сот жанжалдан басталды. Айыпталушылар залда тілшілердің болуына наразылық білдірді. Зардап шеккен фельдшер моральдық өтемақы ретінде 3 млн теңге және екі адвокатының қызметіне 2 млн теңге сұрап отыр. Күдіктілер медиация қызметінен бас тартқан. Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.