Атырауда балалар арасында онкологиялық дерт дендеп барады @TheSevenNews​

Атырауда балалар арасында онкологиялық дерт дендеп барады. Дәрігерлер осылай дабыл қағуда. Бүгінде 102 жеткіншек ауруға шалдыққан. Ал диспансерлік есепте тұрған 52 бала жедел лейкозбен, қалғандары түрлі дәрежедегі қатерлі ісікпен ауырады. Мамандар аурудың асқынуына көп жағдайда өңірдің экологиялық ахуалы себеп дейді. Тұқымқуалаушылық әсерін де жоққа шығармайды. Қазір облыс бойынша 5 мыңнан астам адам обырмен күресіп жатыр.
ГҮЛЗИРА СЕМҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Қызым 1-сынып табалдырығын аттағанда ауырып, құлады. Тамағы ауырды, қызуы көтерілді, буындары ауырды. Сөйтіп, бізге лейкоз деген диагноз қойып берді. Лейкоздың нақты қандай диагноз екенін Астана қаласыда анықтап берді. Қазір жақсы, шүкір, Қадағалаймыз. Укол алмаймыз. Сабаққа барады.
ГҮЛЖАН ІЛИЯСОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГЫ:
— Ең басты себеп генетикалық тұрғыдан. Қалыпты клеткалар мутацияға ұшырап, қатерлі ісіктің клетакаларына трансформация жасаған. Гендерін зерттейміз. Қай уақытта, қай жерде мутация болды соны анықтап, сол бойынша терапиясын жүргізіп жатырмыз.
———————————————