Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің хабарлауынша, арнайы операция Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында жүргізілген. Діни радикализмді насихаттағандардың үйлерінен дәлелдеме заттар тәркіленді. Құзырлы органдар бұған дейін Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталғанын хабарлаған еді. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.