Қордайда мұғалімдерді концертке билет алуға міндеттеген @TheSevenNews​

Мұғалімдерді тағы да мәжбүрледі. Бұл жолы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы әр мұғалімді концертке барсын-бармасын 8 мың теңгеге билет алуға міндеттеген. Алайда облыстық білім басқармасы аудандық бөлім бұл билетті сатпады және сатып алуға мәжбүрлемеді деген мәлімдеме жасады. Бұл жағдайдың анығын енді өңірлік білім сапасын қамтамасыз ету департаменті тексереді. Егер дәлел нақтыланса «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін аудандық білім бөлімінің өкілдері жазаға тартылуы мүмкін.
———————————————