Жамбыл облысында 12 мың студент жұмысшы мамандығын тегін оқып жатыр. Мәселен, индустриалдық-технологиялық колледжінде алты бағыт: атап айтқанда, дәнекерлеуші, кондитер, электр жабдықтаушы, автомобиль жолдарын салушы бойынша білім алады.  Шәкіртақы да төленеді. Жоқ-жітігі көп отбасыдан шыққан студенттерге тегін тамақ та беріледі. Жылына екі рет жол ақысына өтемақы төленеді.
 ДӘУРЕН ТҮМЕНБАЕВ – ЖИТК ДИРЕКТОРЫ:
 — Жалпы колледж өңірдегі 54 кәсіпорынмен келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша студенттеріміз дуальді оқыту бойынша өндірістік практикадан өтеді және сол өндірістік-практикалық орындарда жұмысқа қалып жатады. Жұмыспен қамту деңгейі жоғары. Былтыр 89% жұмыспен қамтылған болатын.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.