Әлия Молдағұлова «тірілді» @TheSevenNews​

100 жылдан кейінгі жүздесу. Ақтөбедегі Әлия Молдағұлованың мұражайы жасанды интеллект пен цифрлық технологияның көмегімен батырдың хат жазып отырған образына жан бітірді. Бұл сәттің голограммасы енгізілді. Сондай-ақ VR-көзілдірік арқылы Әлия Молдағұлованың туған ауылында үйінде жүргендей сезінесіз. Қазір мұражай қорында 11 мыңнан аса жәдігер бар. Ал қызметкерінің орнына бес тілде ақпарат беретін виртуалды промоутер қойылды. Келушілер сенсорлы экран арқылы фотосуреттер мен деректі фильмдерді де тамашалай алады.
Айта кетейік, биыл Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.
ЖАНАР МАҚСҰТОВА – Ә. МОЛДАҒҰЛОВА МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Әлияның балалық шағын көруге, сонымен қатар Ленинградтағы блокададағы болған жағдайды көріп әсер аласың. Олардың барлығы компьютерлік графика, 3D арқылы тіріледі деп айтуға болады.
———————————————