Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
ЖҮЗ ТОМДЫҚ ІС
Перизат Қайрат мүгедектігі бар балаларға арналған бейімдеу орталығын салуға жиналған қаражатты өз игілігіне жұмсаған. 22 млн теңгеге жаңа баспана, көлік және басқа ұсақ-түйек сатып алған.
ТУҒАН КҮН КЕШІНДЕ
Абақтыдағы туған күнді бейнетаспаға түсірген бұрынғы тәртіп сақшысы болып шықты. Бұл бассыздыққа жол берген 16 қызметкер жауапқа тартылды.
10 КҮН МҰРСАТ
Жеті кеншіні жұтқан «Жомарт» шахтасындағы апаттың мән-жайын анықтауға 10 күн берілді. Енді арнайы комиссия ұйқысыз жұмыс істейді.
КҮТПЕГЕН ҚАРЫЗ
Грантты қайтаратын кез келді. Оқу бітіріп, өз мамандығы бойынша үш жыл еңбек еткендерге қарыздың өтелмегені туралы хабарлама келген. Қаржы орталығы біразын сотқа беріпті.
ӘЛИЯ «ТІРІЛДІ»
100 жылдан кейінгі өмір. Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова қайта «тірілді». Дұрысы, оның образына жасанды интеллект көмегімен жан бітті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.