Ақтөбеде 23 оқушы тәттіден уланды @TheSevenNews​

Оқиға былай өрбіген. 4-сынып оқушысы мектеп жанындағы дүкеннен лобстер тәттісін сатып алып, сыныптастарымен бөліскен. Сосын оқушылардың бірі құсып, бірінің басы айналып, терлеп-тепши бастайды. Жағдайы нашарлаған балаларды байқаған ұстазы жедел-жәрдем шақырады. Олар ауруханаға түгел жеткізілді. Сөйтсе, дүкеннен алынған тәттінің құжаты, техникалық таңбасы да болмаған. Неден жасалғаны күмәнді. Белгілісі, Қытай тауары. Сан-эпид мамандары 45 дүкенді тексеріп, қауіпті «тәттіні» түгел жинап, зерттеу лабораториясына жөнелтті.
Райхан Қойшанова, СЭБ департаментінің басшысы:
— Қобда ауданындағы орналасқан дүкенге жоспардан тыс тергеу жұмыстары басталды. Өнімнің растайтын құжаттары болған жоқ.
45 дүкеннен 2 түсініксіз өнім табылып, лабораторияға жіберілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————