Лифтіде баланың бетін тілген жасөспірім жыл басында емделіп шыққан @TheSevenNews​

Лифтіде пышақ жарақатын алған баланың жүйке жүйесіне зақым келген жоқ. Оның жағдайы тұрақты. Денсаулық сақтау вице-министрі осылай деді. Ал баланың бетін тілген жасөспірім оқшаулауды қажет етпейді. Жыл басында емдеу мекемесінен шыққан. Онда бір айдан астам уақыт ем қабылдады, – деді вице-министр. Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, жасалған ем-дом қонып, науқастың бойындағы симптомдар кете бастаған. Сондықтан үйіне жіберілген. Қазір жасөспірім қайтадан дәрігерлердің бақылауына алынды.

ЕРЖАН НҰРЛЫБАЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
– Жасөспірім қоғамға жақсы бейімделген . Баланың бұлай істеуіне не түрткі болғанын білу үшін оны біраз уақыт бақылау керек. Толық тексерілген кейін ресми жауап береміз.

Айта кетейік, психологиялық ауытқуы бар жасөспірімді жалғызбасты ана тәрбиелеп отыр. Қамқоршы ретінде мемлекеттен 60 мың теңге алса, бала мүгедектігі үшін 80 мың жәрдемақы алады. Отбасын асырау үшін әйел ұлын үйде қалдырып, жұмысқа баруға мәжбүр болған.
———————————————