Павлодарда мектеп күзетшісі ұрған оқушының кеуде тұсына зақым келген @TheSevenNews​

Дәрігерлердің айтуынша, кәмелет жасқа толмаған бала емдеу мекемесіне жатудан бас тартып, амбулаторлық жағдайда ем қабылдамақ.
Еске сала кетейік, 19 ақпан күні мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасаған. Оқушы дәрігер көмегіне жүгінген. Ал күзетші медициналық айықтыру мекемесіне жіберіліп, оған қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін айыппұл салынды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеру басталды.
———————————————